Біздің бөбекжай ауласында шие,өрік өсіріледі. Балалар табиғатпен жақын танысып, еңбекке баулу мақсатында өрік ағашының жемістерін бірге жинап алды. Бұл – балаларға үлкен қуаныш сыйлап, табиғатты аялауға, еңбектің қадірін түсінуге үйрететін пайдалы іс-шара болды. Жиналған тәтті өріктерден балалар дәм татып, табиғаттың сыйын бағалауды үйренді.